Республикалық ағаш отырғызу акциясына қала тұрғындары белсенді атсалысты. Аталған акцияға ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің қызметкерлері, барлығы 8000-ға жуық адам қатысып, 4000 дана қарағаш, 200 түп қарағай отырғызылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ағаш отырғызу үшін «Жеңіс» саябағы, Ниетқалиев көшесінің бойындағы сквер, «Қуғын сүргін құрбандарын еске алу» аллеясы, Әуежай маңы таңдалды. Жасыл желектерді жеткізуді, қажетті құралдар мен арық жүйелерін дайындауды, су тасымалдайтын машиналарды «Жасыл Ел-Тараз» ЖШГ-гі қамтамасыз етті.
Жалпы қала бойынша екіайлық санитарлық тазалық және абаттандыру айлығы барысында 10000-нан аса тал-дарақтар отырғызылады.