Ағымдағы жылдың 13 қазанындағы кешкі мезгілде «Көкнар-2019» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын сотты болған 49 жастағы Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғынынан бір қап кептірілген марихуана есірткі затын тәркіледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі дайындаушы Меркі ауданының Тәтті ауылы маңындағы «Тәтті-Сарықоба» құмды аймағына жақын жерде ұсталды. Табылған есірткі затының салмағы 12 келі 420 грамды құрайды.
Күдікті кінәсін мойындап, Меркі аудандық уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 296- бабының 4 -бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.