2019 жылғы 17 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Салтанатты құттықтау рәсімінің мақсаты халықты, бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлерді ынталандыру, көтермелеу және кіші отанын дамытуға қатысуға уәждемелеу, азаматтардың белсенділігінің үздік тәжірибесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету болып табылады.
Облыстық деңгейде «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталды:
— «Жыл меценаты» — Еділбаев Арман Захарыпұлы — «Арайстроймаркет-2003» ЖШС директоры;
— «Туған өлке» — Салыбаев Сәрсебек Сұлтанәліұлы — жеке кәсіпкер, «ССС» ЖШС директоры;
— «Жыл тұлғасы» — Паралимпиада чемпионы Ғабидуллина Зульфия Раухатқызы;
— «Жылдың үздік ұйымы» — «Казфосфат» ЖШС — Бас директоры Искандиров Мукаш Зулкарнаевич;
— «Ерен еріктілік» — Айнабеков Сағдат Қайратұлы «ӨРКЕН-НИЕТ» қоғамдық қорының төрағасы.