Қордай аудандық бюджетінен көтерме жәрдем ақы әлеуметтік қолдау шараларына 110 маманға 29 519 мың теңге қаржы қарастырылған. Сондай-ақ, бағдарлама аясында 6 комиссия отырысы өткізіліп, көтерме жәрдемақы алуға 207 адамның құжаттары қаралып, оның 95-не оң шешім берілген, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ағымдағы жылы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» бағдарламасына республикалық трансферттен тұрғын үй сатып алуға 37 маманға 140 138 мың теңге қаражат бөлінді.
Ал, наурыз айынан күні бүгінге дейін 75 жас маманға 15379 мың теңге көтерме жәрдем ақы берілген. Оның ішінде, атап айтсақ, білім беру саласынан 52, денсаулық сақтау саласы 14, АӨК 5, спорт саласынан 2 маман жәрдемақыға ие болған. Баспаналы болуға 107 азамат құжат тапсырып, 51 жас маманға оң шешім шығарылып, 35 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Ал, бүгінгі күнге тұрғын үйге 28 жас маман өз кезегін күтуде.