Жамбыл облысында «Кәсіпкерлікті қолдау» картасына 50 жоба енгізілген. Бүгін бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Болатұлы Сариев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
ҚР индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, облыста Кәсіпкерлік қолдау картасына 603,5 млрд. теңгені құрайтын 50 инвестициялық жоба енгізілген. Картадағы барлық жобаларды іске асырылған кезде облыста 6758 жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.
2015-2019 жылдары Картаға енгізілген жобалардың ішінен 55,5 млрд. теңгеге 33 жоба жүзеге асырылып, 2230 жұмыс орны ашылмақ.