2019 жылдың 9 айында облыста негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 205,9 млрд. теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тартылған инвестиция көлемі 17,3%-ға артып отыр. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Сариев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Сондай-ақ ағымдағы жылдың 9 айында облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 70534 жетіп, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7688 шағын және орта бизнес субъектілеріне артқан.