Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданындағы медицина-санитарлық көмек көрсету нысанына барды

0 5

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округіндегі жаңадан пайдалануға берілген алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету нысанына барды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бағыттағы жұмыстар өңірде өнген, енді Жамбылда қолға алынған жүйе өзге өңірлерге өнеге болатын жеткізді. Өйткені өткен жылы өңірде алдымен зерделеу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде өңірде осындай 95 нысанның қажет екені анықталған. Тіпті 35 елді мекенде мұндай медициналық нысан мүлде болмаса, басым денінде апаттық т.б. жағдайға қатысты сот шешімімен жабылған еді. Қайтпек керек. Бұрын соңды жылына екі-үш осындай нысан салынатын.

Мұндай өгіз аяңмен 95 нысанды салуға он жыл кетеді. Осы орайда облыс әкімінің тапсырмасына сай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында аз уақытта толығымен шешімі табылды.

Атап айтсақ, өткен жылы 30 алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету нысаны салынса, биыл 65 нысанның құрылысы жүргізілуде. Олар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Уақыттан ұттық бір. 95 нысанның алғашқы құны оңтайландыру арқылы 2-3 есе арзандатылды. Аз ақшамен ауқымды іс атқарылды екі. Міні осындай оңды іске көңілі толған Бердібек Сапарбаев Жамбылдағы бұл бастаманы басқа аймақтарға үлгі ету керектігін баса айтты

Leave A Reply

Your email address will not be published.