Тараз қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

0 11

Тараз қаласының коммуналдық базарында Жамбыл, Сарысу, Тұрар Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының тауарлары ұсынылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жәрмеңкеде жалпы құны 9,7 млн. теңгені құрайтын 49,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары, оның ішінде 4,5 тонна ет жылқы, сиыр, қой және тауық еті , 1,5 тонна сүт өнімдері, 1 тонна шұжық өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 0,3 тонна балық, 0,3 тонна бал, 0,2 тонна кондитерлік өнімдер мен 1,5 тонна макарон өнімдері, 0,3 тонна тұз және 35,2 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері өткерілді.

Жәрмеңке ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін сенбі күндері өткізілетіндіктен, келесі аптада тұрақтандыру қоры мен Тараз қаласы және Жуалы, Меркі, Мойынқұм аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тауарлары ұсынылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.