Өңірде » Еңбек» бағдарламасымен 27 мың адам жұмысқа орналасқан

0 10

«Еңбек» бағдарламасымен 36 мыңға жуық адам қамтылды, 27 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында республикалық БАҚ өкілдерімен жүздескен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

18 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Атаулы әлеуметтік көмекпен 35 мың отбасы қамтылды.
Облыс тұрғындарының тұрмысын жақсарту мақсатында пилоттық жоба басталды. Ол үшін әр ауданнан бір ауылдық округ алынды.

Жобамен 8564 отбасы немесе 48 мың адам қамталғалы отыр. Ол үшін республикадан 7,2 млрд. теңге несие ретінде бөлінді. Несие 2,5%-бен беріледі.

Әлеуметтік салада 1 қаңтардан бастап жалақысы 25 АЕК-тен (63 мың теңгеден) төмен 93 мың қызметкердің (47,3 мың адам бюджет саласы) салықтық жүктемесі 10%-дан 1%-ға төмендетілді.
Ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге (28 мың теңгеден 42 мыңға дейін) өсіп, бюджеттік мекемелердегі 40 мың қызметкердің және 8555 (барлығы 8914) жеке сектордағы 75 мыңға жуық жұмыскердің жалақысы (38,9 мың теңгеден 50,1 мыңға 28,8%-ға) артты.

Ағымдағы жылы ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген мамандарға «Дипломмен ауылға» жобасы аясында қолдау көрсетіліп, 666 маманға 127 млн. теңге көтерме жәрдемақы, 256 маманға тұрғын үй сатып алуға 970 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие берілді.
Жұмыссыздық деңгейі 4,8%.

Соңғы екі жылда жан басына шаққандағы халықтың орташа табысы 55 мың теңгеден 71 мыңға өссе, орташа айлық жалақы 100 мың теңгеден 128 мыңға артты

Leave A Reply

Your email address will not be published.