Жамбыл облысында 2020 жылы апатты мектептер мәселесі толық шешіледі

0 18

Жамбыл облысында 2020 жылы апатты мектептер мәселесі толық шешіледі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында республикалық БАҚ өкілдерімен жүздескен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Білім саласында 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту үлесі 100%-ға жетті .
Облыс орталығында дарынды балаларға арналған IT лицей-интернат және «TARAZHUB» IT орталығы ашылды.

2 жылда 14 мектеп салынып, 4 апатты, 4 үш ауысымды, 6 орын тапшылығы бар мектептің мәселесі шешілді. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер толығымен шешілді.
Бүгінде 3 апатты мектептің құрылысы жүргізілуде. 2020 жылы бұл мәселе де толық шешіледі.

2 заманауи үлгідегі колледж ашылды. 663 млн.теңгеге материалдық-техникалық базасы нығайтылды.
Колледж түлектерін жұмыспен қамту мақсатында үш жақты меморандум жүйесі енгізілді.

Биылғы оқу жылында 2 мыңға жуық сұранысы төмен мамандықтарға грант қысқартылды. Жұмысшы мамандықтар көбейтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.