Биыл 86 елді мекенге газ тарту жұмыстары басталады

0 26

Биыл 86 елді мекенге газ тарту жұмыстары басталадыЖамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтің айтуынша, өңірдегі 377 елді мекеннің 48 пайызы газдандырылған, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндағы 841 мың халықтың 53 мыңы ауылішілік газ құбыры бола тұра, газға қосылмағандығы анықталған. Бұл орайда, мәселені түпкілікті шешу мақсатында ауыл тұрғындарына едәуір төмендетілген бағаны ұсынған арнайы лицензиясы бар кәсіпорындар қарастырылып, 53 мың адам толық газбен қамтылған.

Сондай-ақ, Тараз қаласына қосылған 35 алқапта газдандыру шаралары атқарылуда. Олардың ішінде облыс орталығына қарасты Құмшағал, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма, Жиделі, Шөлдала, «Шалғай Қарасу» елдімекендері және 28 саяжай бар. Жыл соңына дейін оның он бір елді мекені көгілдір отынға қосылатын болады.
Ал, облыстағы 377 елді мекеннің 205-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған десек, зерделеу барысында ондағы 130 мың халық су құбыры бола тұра, таза ауыз суға қосылмағандығы белгілі болған. Бұл бағытта нақты шаралар қабылданып, бүгінге дейін оның 82 мыңға жуық тұрғын таза ауыз суға қол жеткізген. Жыл соңына дейін тағы 23 мың халық қосылады деп көзделуде екен.

Бұған қоса, жаңадан 16 елді мекенге су құбырлары тартылуда, оның сегіз жобасы ағымдағы жылы іске қосылмақ. Ал 2020 жылы он бір елді мекенге су құбырлары жүргізіледі деп жоспарлануда екен.

Қосымша бірыңғай оператор арқылы облыс бюджетінен халық саны 200-ге дейін 49 елді мекенді ауыз сумен қамту көзделуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.