Жақын күндері «Шахристан» этно-мәдени кешені пайдалануға беріледі .Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында республикалық БАҚ өкілдерімен жүздескен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
2 жылда 8 саябақ, гүлзарлар мен аллеялардың құрылысы жүргізіліп, қала көркін ашатын бір қатар жаңа нысандар бой көтерді.
Сондай-ақ «Руханият», «Көрме орталықтары», «Көркем сурет галереясы», «Қолөнер шеберханасы», «Өлкетану мұражайы», «Тарих тану орталығы» сыңды нысандар іске қосылмақ.
Инвесторлар есебінен «Қаралма» тау шаңғы базасы және «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің 1 кезеңі аяқталуда. Бұл нысандар бойынша сіздерге таратылып берілген құжаттарда толық мәлімет берілген.