Жамбыл облысында қысқы кезеңге 28 жылыту пункті дайындалған, оның ішінде 9-республикалық маңызы бар автожолдарда, 6-облыстық маңызы бар автожолдарда және 13-аудандық маңызы бар автожолдарда. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Талғат Сабиров айтты, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Бұдан басқа, қосымша жылыту пункттері ретінде автомобиль жолдары бойында орналасқан білім беру объектілері мен елді мекендердің мешіттері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері пайдаланылатын болады.
Қысқы кезеңде Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарға қызмет көрсету үшін196 бірлік арнайы жол техникасы дайындалды.
ДЭУ үй-жайларын және жылыту пункттерін жылытуға 40 тонна көмір дайындалды, жолға себу үшін 12 мың тонна тайғаққа қарсы материалдар құм, тұз, 44 тонна бензин және 156 тонна дизель отыны дайындалды.
Жамбыл облысы ТЖД-мен қысқы кезеңге дайындық мақсатында жоғары жүрісті доңғалақ және шынжыр табанды техниканы қысқы жағдайда пайдалануға маусымдық техникалық қызмет көрсету жұмыстары ұйымдастырылды.
Жеке құрамды тасымалдауға және зардап шеккендерді эвакуациялауға арналған көлік құралдарының жылыту қондырғыларының дайындығы бақылау жасалып барлық автотехниканың жарамдылығы арнайы комиссиямен тексерілді.
Төмен температура жағдайында техника жұмысы үшін 9 тонна 300 литр мөлшерінде қысқы дизель отынының қоры, 1 тонна 200 литр антифриз, 980 литр тосол және 15 литр қоспа дайындалды.
Төтенше жағдайлар туындауы мүмкін жерлерден байланысты қамтамасыз ету үшін бейнебақылау және бейнеконференц байланыс жүйесімен жабдықталған командалық-штабтық машина мен ҰҰА дайындалған.