Жуалы ауданында 30 м/с жылдамдықпен соққан жел және буырқасын қар салдарынан республикалық жол бойында қалған 82 азамат Бауыржан Момышұлы ауылында орналасқан жылыту пункттеріне жеткізілді, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков жылыту пунктінде болып, жолаушылармен кездесті. Барлық азаматтар қажетті заттар мен ыстық тамақпен қамтылған.
Қазіргі уақытта азаматтарды темір жол арқылы жөнелту жұмыстары жүргізілуде.