Жамбыл облысында қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды

0 13

Жамбыл облысында қар құрсауында қалған адамдар құтқарылды. 26 автокөлік тазартылып, 140 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 8 бала. «Алматы-Ташкент» жол учаскесі Жуалы ауданындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты орын алған төтенше жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазіргі таңда оған төтенше жағдайлар департаментінің 30-ға жуық қызметкері және 6 бірлік техника жұмылдырылған. Авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Құтқарылған адамдар жақын мандағы Айша бибі ауылындағы жылыту пунктеріне жеткізілді. Бүгінде 3 жылыту пункті жұмыс жасауда. Онда ыстық тамақ, медициналық көмек ұйымдастырылған. Зардап шеккендер жоқ. Медициналық көмекке жүгінгендер болмады.

Шалғай ауылдардың бәрімен байланыс орнатылған. Құм төсеу, бақылау бойынша облыстық ТЖД, «Қазавтожол» мекемесі және жол патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы жұмыс жасауда. Қазіргі таңда аталған бағыт бойынша «Қауырт желі» ашылып, жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды. Әзірге жүргізушілер мен тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырамыз.
Қатты жел мен боранның салдарынан Түркістан облысына және кері қарай Түркістан облысының шекарасындағы Нұрлыкент ауылы арқылы 534 шақырым Тараз қаласына және 593 шақырым жол жабық.

Сондай-ақ, Қаратау мен Жаңатас қалаларының арасындағы Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент облыстық маңызы бар жол жабық.

Әзірге жүргізушілер мен тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.