Бүгін аймақ басшысы Асқар Мырзахметов «Арай Плаза» бизнес орталығында өткен «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» атты ҚР Президентінің жаңа жылдық шыршасына қатысты, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аталмыш мерекелік думанға 9- 13 жас аралығындағы 200 бала шақыртылған болса, оның 63-і жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, 68-і көпбалалы, 61-і аз қамтылған отбасыларынан шыққан.
Асқар Исабекұлы балаларға ізгі тілегін жеткізіп, келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Концерттік бағдарлама барысында Аяз ата мен Ақшақар және түрлі жаңа жылдық кейіпкерлер қызықты ойындар ойнатып, қатысушыларға тамаша көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара соңында балаларға сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табысталды.