Талас ауданының әкімі есеп берді

0 14

Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов  «2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылы алда тұрған  міндеттер туралы» ауыл тұрғындарына берген  есебінде айтты, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан әкімі  ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.  Атап айтқанда Қаратау қаласына арналған Көктал су құбырын салуға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 333 млн. 333 мың теңге  және Ауспалы нысан Майтөбе ауылының су жүйелерінің құрылысын аяқтауға 220 млн. 453 мың теңге бөлінген.

Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №22 тұрғын үйді және сыртқы инженерлік жүйесін қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп 284 млн. 522 мың теңге бөлінді.

Қаратау қаласы 5 мөлтек ауданындағы №26 тұрғын үйді және сыртқы инженерлік жүйесін қайта жаңғыртуға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп 336 млн. 892 мың теңге бөлінді.

Талас ауданының 5 елді мекеніне Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр орамішілік газ тарату желісін аяқтауға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 43 млн. 12 мың теңге бөлінді.

Көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп 608 млн. 254 мың теңге бөлінді.

Ерназар-Қойгелді 11,4 шақырым жолын орташа жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 82 млн. 408 мың теңге бөлінді.

Талас ауданының 3 елді мекеніне (Ақкөл, Ақтөбе, Қызылауыт) тартылатын газ құбырын салуға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, 922 млн. 222 мың теңге бөлінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.