Талас ауданында 2019 жылы облыстық мәндегі 41,73 шақырым 3 бағыттағы жолдарды орташа жөндеуден өткізуге 639 млн. 893 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов ауыл тұрғындарына берген есебінде айтты, деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 394,1 шақырым облыстық, 193,4 шақырым аудандық маңызы бар жолдар.
Бірінші «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» 12 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 305 млн. 952 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «ЖамбылДорМостСтройСервис» ЖШС-гі. Келісім шарт сомасы 275 млн. 375 мың теңге.
Екінші «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» (36,3-55,92 шақырым аралығы 19,62 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 138 млн. 461 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған нысан ауыспалы. Мердігер «Арайстроймаркет-2003» ЖШС-гі. Келісім шарт сомасы 286 млн. 482 мың теңге.
Үшінші «Тараз-Аса-Ақкөл-Саудакент» (86-96,110 шақырым аралығы) 10,110 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 195 млн. 480 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «Арқантас» ЖШС. Келісім шарт 24.01.2019 жыл.
Сол сияқты облыстық мәндегі 299,6 шақырым автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 81 млн. 393 мың теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар аудандық мәндегі 44 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 607 млн. 109 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Ақкөл-Талапты» 32 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 472 млн. 284 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілген.
Сондай ақ «Қасқабұлақ ауылына кіре беріс» 12 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарына 134 млн. 825 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілді.