Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Аслан Оразбеков облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды , деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ұжымға жаңа басшыны облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев арнайы барып таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.
Оразбеков Аслан Ұланұлы 1975 жылы туылған, білімі жоғары.
1997 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Жамбыл облысы Меркі ауылындағы «Тұлпар кооперативінде» есепші болып бастаған.
Әр жылдары облыстық тәртіптік кеңесі хатшылығының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінде бас маман, консультант, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, департамент басшысының орынбасары, Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылдың мамыр айынан бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.