Қазақта бұрынан келе жатқан көне сөз бар:төрт құбылаң түгел болсын- деген , бала үшін де оның отбасы толық қанды болу үшін әке мен шешінің болуы маңызды.Әке әр қашан отбасының асыраушысы табыс көзі болған .Ол әр қашан отбасы мүшелерін тамақ пен киім мен ұсақ түйектермен қамтамасыз етіп отырған.Ал әйел адам бала тәрбиесімен айналысып ,үйдің ұйытқысы болған.Қазіргі таңда көп қыз-келіншектер кішкене қиындық немесе келіспеушілік болса ажырасамын деп шыға келеді.Ал оның салдарын жете түсінбей,жан-жақты ойланбайды.Ал менің айтарым:әкесіз өскен балаларда өз-өзіне деген сенімділік,табандылық,таңдау қабілеттері төмендеу болады.Өз-өзіне сенімді болмау себебі,айналасындағыларға қарап яғни әкелері бар балаларға қарап өзін төмен,толық емес екенін көріп сенімділігін жоғалта бастайды.Таңдау мен табандылық қасиеттері де сол сияқты.Бір жағдайға табандылық көрсетейін десе анам жалғыз өзіғой деп райынан қайта шығады.Мысалы:бір зат ұнап тұр сол затты әкесі бар бала табандылық танытып міндетті түрде сатып алады.Ал әкесі жоқ бала анасының жағдайын,қалтасын ойлап табандылық көрсетпейді.Шешім қабылдау қасиеті де солай төмендеу болады.Мен әкесіз өскен бір баланың бірімін менде табындылық қасиеті төмен емес,бірақ шешім қабылдау төмендеу.Себебі жас кезімде бір затты немесе бір жерге баруға шешім қабылдасам ылғи ақша деген мәселе тұратын көз алдымда.Сондықтан өз бетіммен шешім қабылдай алмайтынмын ылғи анаммен ақылдасып барып шешім қабылдайтынмын.Қазір бір үйдің иесімін бірақ шешім қабылдауым қиын жан-жақты ойлаймын өз бетіммен шешім қабылдай алмаймын.Ал жолдасым бірден шешім қабылдай кетеді оның әкесі бар.Мен жәй дүкенге ұсақ затқа барсамда бір затты сатып алу үшін ұзақ ойланамын.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.