Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Тараз қаласында карантиндік режим талаптарының сақталуын бақылауда

0 2

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Тараз қаласында карантиндік режим талаптарының сақталуын бақылауда , деп хабарлайды «ZhambylNews”  АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында карантин енгізілгеннен кейінгі бірінші күні тәртіп сақшылары түнгі рейдтерді Облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің жеке бақылауымен өткізді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты бірқатар облыстарға карантиндік режим енгізілген болатын.

7 сәуірден бастап Тараз қаласында, 9 сәуірден бастап Жамбыл облысы бойынша карантин жарияланды. Карантиндік режимнің енгізілуіне байланысты облыс орталығы мен аудандарында алғашқы тәуліктерде түнгі рейдтер жүргізілді.

Аталған іс-шаралар барысында ескертулер жасалынды. Яғни, полиция қызметкерлері жаяу жүргіншілер мен автокөліктерді тоқтатып түнгі мезгілде жүру себептерін сұрап, карантиндік режимнің енгізілгені туралы таныстырды.

Айта кету керек, кешкі қызметті тек учаскелік полиция инспекторлары ғана емес, сонымен қатар тексеру жұмыстарына шыққан 15 топтың ішінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов бастаған облыстық ПД басшы құрамының мүшелері де бар.

Кеш болғанына қарамастан, аумақтарда жаяу жүргіншілер мен автокөлік құралдары болды. Олардың маңызды себептермен жүргені, атап айтқанда, кейбір көлік жүргізушілері азық-түлік жеткізумен айналысса, ал жолаушылар ауруханаға немесе басқа да төтенше жағдайларға байланысты бара жатқаны анықталды. Полиция қызметкерлері барлық тоқтатылған тұрғындармен әңгімелесу жүргізіп, қала аумағында карантин режимі енгізілгенін және талаптардың қатаң сақталуы керектігі туралы ескертті. Кейбір тұрғындардың аталған режимнен хабарсыздығы анықталып, дер кезінде тәртіп сақшыларымен ескертілді. Аталған бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізілетін болады,— деп мәлімдеді Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов.

Сонымен қатар, департамент өкілдері карантин кезінде полиция қызметкерлері радиоқабылдағыштар және бейнетіркегіштермен жабдықталған патрульдік автокөліктермен тәулік бойы кезекшілік жүргізетіндігін атап өтті. Тәртіп сақшылары қала көшелерінде көлік құралдарының қозғалысына тыйым салу мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстары жасалып, карантиндік режим туралы хабарлайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.