Құлан ауылдық округінің әкімі Иманбаев Мұрат Аширалыұлына қатысты

0 28

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Құлан ауылдық округінің әкімі М.А.Иманбаевқа қатысты жымқыру фактілерімен қылмыстық іс тергеліп, тергелу нәтижесімен М.А.Иманбаевтың іс-әрекетінде қылмыстық құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған болатын  , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Алайда қылмыстық істі тергеу барысында М.А.Иманбаевтың іс-әрекетінде мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар бар екені анықталды.
Атап айтқанда, М.А.Иманбаев Құлан ауылдық округінің әкімі болып тағайындалғаннан кейін, «А» ЖШС-пен бір көзден мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарттар жасағаны анықталды. Бұл серіктестіктің жалғыз құрылтайшысы болып М.А.Иманбаевтың жұбайы табылады.
Бұл жағдайда, ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы Зыңының 6-бабы 1-бөлігі 1-тармағына сәйкес «А» ЖШС-не мемлекеттік сатып алуға қатысуға шектеу қойылған.
Себебі әлеуетті өнім берушінің бірінші басшыларының жақын туыстары, жұбайы өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқығы жоқ деп көрсетілген.
Бұл, М.А.Иманбаевтың іс-әрекеттері ҚР Мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50-бабы 1-бөлігі 2, 4 және 5 тармақтарында көрсетелгін теріс қылықтарға жатады.
Олар 2) өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін жақын туыстарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануы;
4) шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі;
5) кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуі;
Осыған орай, ҚР ҚПК-нің 200-бабының талаптарына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері Агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңесіне ұсыну енгізілген болатын.
Осы ұсыныс, 2020 жылдың 29 наурызында Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралып, нәтижесі бойынша М.А.Иманбаев ҚР Мемлекеттік қызметі туралы Заңының 50-бабы 1-бөлігі 2, 4 және 5 тармақтарын бұзғаны үшін атқарып отырған лауазымынан босату туралы шешім қабылданған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.