Тұрар Рысқұлов ауданында азық-түлік бағасы бақылауда

0 1

Тұрар Рысқұлов ауданында  азық-түлік бағасын қатаң бақылауда. Бағаны тұрақтандыру мақсатында жұмысты үйлестіретін 17 мүшесі бар штаб құрылған , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Ауданға жеңілдетілген бағамен 28 тонна қант әкелініп, «Қаракөз», «Аяжан», «Ақ босаға», «Ару» сынды ірі сауда орталықтарында сатылуда. Аллағы уақытта қосымша тағы 30 тоннаға өтінім беріледі.
Ауданда азық-түлік қоры жасақталған: 50 тн ұн, 15 тн макарон өнімдері, 4 тн тауық еті, 15 тн сәбіз, 10тн пияз дайындалды. Аудан әкімдігі Павлодар облысынан 68 тн картоп әкеліп, елді мекендерге таратылған болатын. Қазір нарықтағы бағадан төмен 130 теңгеден сатылуда. Аудан әкімдігі Павлодар облысымен 140 тн картоп және 70 тн сәбіз жеткізуге келісім шартқа отырған болатын. Өнім сәуір айының соңына дейін жеткізілмек. Күріш, дәнді дақылдар қоры жеткілікті, бағалары қолжетімді.
Тізілімдегі әлеуметтік мәні бар азық-түлік бағасын сақтау бойынша тиісті мамандар жеке кәсіпкерлермен келісім жүргізілген. Қарақұмық шекті бағадан (260 теңге/кг) 60-170 теңгеге (320-430 теңге/кг аралығында), жұмыртқа шекті бағадан (271 теңге/10 дана) 9-129 теңгеге (280-400 теңге/10 дана аралығында), күріш шекті бағадан (258 теңге/кг) 7-72 теңгеге (265-330 теңге/кг аралығында) дейін көтерілген. «Ақтоған» 1 сұрыпты бидай ұны кг 120 теңгеден (шекті баға 149 теңге/кг), макароны кг 184 теңгеден (шекті баға 206 теңге/кг) төмен бағамен сатылуда.
Пилоттық жобамен жұмыс атқаратын Құмарық ауылдық округінде жоспарлы жұмыстар жүргізілді.
Ауданда 2019 жылы күзде 53916 га. күздік бидай, 275 га күздік арпа себілді.
2020 жылдың көктемінде 3500 га жаздық бидай, 56220 га жаздық арпа, 100 га дәндік жүгері, 8409 га майлы дақылдар, 320 га қант қызылшасы, 195 га картоп, 209 га көкөніс, 95 га бақша, 3800 га көпжылдық шөп егілетін болады.
Егілетін масақты дәнді дақылдар мен мақсары дақылының тұқымдары жеткілікті көлемде. Себілетін тұқымдарды АШТӨ-і тазалап, аудандық тұқым зертханасынан тексеруден өткен.
Көктемде себілетін дақылдар үшін 71853 га жер айдалып, дайындалған. Көктемде 18804 га. егістік жер айдалды.
Бүгінге дейін 59720 га. жаздық масақты дақылдардың 48330 геетары себілді. (81,0 пайыз). 2920 га. көпжылдық шөп жоңыша (76,8%), 63 га көкөніс (30,1%), 3740 га майлы дақыл мақсары (44,5 %), 33 га. картоп (16,9%), 320 га. қажетті 480 с.б. қант қызылшасы тұқымынан, 330 с.б. алынып (68,7 пайыз), 60 га. қант қызылшасының тұқымы себілді.
Ауа-райының қолайлылығын тиімді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы мерзімде себу үшін жұмыс жүргізілуде.
Аудандағы 445 дана әр түрлі маркадағы тракторлар мен қажетті қондырғылар көктемгі егіс-дала жұмыстарына дайындық сапына қойылып, тиісті жұмыстарын атқаруда.
​Көктемге жоспарланған барлық дақылдар ауа райының қолайлылығын пайдалана отырып, толығымен орындалады.
2020 жылдың көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағар майға 2795 тн. бөлініп, операторлар «Тараз Мұнай Ойл» ЖШС, «Азия Нефтепродукт» ЖШС және «Wedo Enerqy» ЖШС арқылы АШТӨ-нің сұраныстары бойынша таратылуда. Наурыз айына бөлінген 650 тн дизель отынынан, бүгінгі күнге 304 тн. алынды (48 пайыз). Сәуір айына 780 тонна дизель отыны бөлінді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дизель отынына тапшылық жоқ.
Көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алу жұмыстары негізінде аудан аумағындағы су қоймаларының жағдайы тұрақты. Қоймаларындағы су мөлшері 50 % -дан аспайды. Таулы аймақтарда орналасқан елді мекендердің су келетін арықтары мен каналдарына тазарту жұмыстары жүргізілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.