Төтенше жағдай кезеңінде азаматтардың жекелеген сипаттарына коммуналдық қызметтердің шығындарын өтеу туралы САll орталығы құрылды , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес Қазақсттан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №212 бұйрығымен Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу Қағидалары бекітілді. Коммуналдық қызметтерді (электр, газ, жылу, ауыз су, кәріз, ТҚҚ шығару) өтеуге құқығы бар келесі азаматтардың санаттары белгіленді.
1)1, 2, 3 топтағы мүгедектер
2) мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар
3) көпбалалы отбасылар
4) ҰОС ның мүгедектері мен қатысушылары және ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген азаматтар
5) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде қаза тапқан адамдырдың отбасына
6) ең төмен жіне ең аз зейнетақы алатын зейнеткерлер
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер
Ағымдағы жылдың сәуір, мамыр айлары бойынша аталған санаттарға жататын коммуналдық қызмет тұтынушылардың дербес есепшоттарына тікелей 15 000 теңге көлемінде шығындар өтеліп тұрады.
Бұл 7 санаттағы отбасылардың тұтынған коммуналдық қызметтердің төлемақысын өтеу үшін, тұтынушы жеке сәйкестендіру номерін ЖСН әлеуметтік мәртебесін және көмек алушының отбасы мүшесінің атына тіркелген абонеттік дербес есеп шотының деректерін көрсете отырып, САll орталықтары арқылы өтінім береді.
Айта кетейік бүгінгі таңда аталған 7санат бойынша Талас ауданында 1, 2, 3 топ мүгедектерінен — 250 адам, 98 көпбалалы отбасы сондай-ақ ҰОС — ның мүгедектері мен қатысушылары 3 адам, төменгі зейнетақы алушылар 20 ,әлеуметтік көмек алатын 40, қамқоршысынан айырылғандар 15, жалғыз басты зейнеткерлер 10, тізімде жоқтардан 98 адам көмек алған.
Өтінімдерді САll орталықтарының Талас ауданы бойынша төмендегі телефон нөмірі арқылы қабылданады.
8 (726- 44) 4-01-36