Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті мəлімдемесін жасады. Елімізде енгізілген төтенше жағдай режимі ағымдағы жылдың 11 мамырына дейін ұзарту жөнінде Жарлыққа қол қойғандығын жеткізді. Бұндай шешімді қабылдауда Мемлекет басшысы мемлекеттік комиссияның ұсынысын негізге алып, жасалынған əрекет болып табылады. Біздің еліміз төтенше жағдай режимі енгізілген уақыттан бері біраз қиындықтарға кезікті.
Осы кезеңде ең көп зардап көргендер-Қазақстан Республикасының азаматтары. Себебі көбісі жұмыстарынан, күнкөріс көзінен айырылды. Бұл уақытта мемлекет алдында шешуі қажет болған басты мақсат-халықтың экономикалық тұрақтылығын жасау. Ол үшін Мемлекет басшысы бірқатар жұмыстар жүргізді. Атап өтетін болсам, ол төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға 42500 тг, əр түрлі осал топтарға тегін азық-түлік себеттері, 7 түрлі санат қатарына жататын азаматтарға коммуналдық қызметтер үшін 15000 тг көлемінде көмек түрлері бөлінуде. Сонымен қатар шағын жəне орта бизнес субъектілеріне бірқатар жеңілдіктер жасалып, кредиттерін кейін төлеуге мүмкіндік берілді. Мемлекеттің осындай қолдаулары бар кезде, уайымдауға еш негіз жоқ деп санаймын. Жалпы бұл режим вирустың жаппай таралуын болдырмау мақсатында жасалғандығын түсінуіміз керек. Өз кезінде жасалған бұл əрекеттердің дұрыс екендігіне қазір көздеріміз жетіп отыр. Себебі төтенше жағдай режимін енгізбегенде, карантин шараларын күшейтпегенде, бүгін вирусты жұқтырғандар саны едәуір көп болатыны хақ. Осы карантин шараларынан қоғамдық орындар жабылып, оқушылар мен студенттер қашықтықтан оқыту режиміне ауысты. Бұның барлығы азаматтардың денсаулығын, өмірін аман сақтап қалу үшін жасалынып отырған əрекет еді. Сонымен қатар вирус жұқтырған адамдар тиісті емін арнайы медициналық мекемелерде қабылдауда. Бұл індеттен жазылып үйіне қайтқан азаматтар саны күннен — күнге көбеюде. Бұл -қуантарлық жаңалықтар. Азаматтардың емделіп шығуларында еліміздің медицина қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Дəрігерлердің осындай жұмыстарына алғысымызды білдіреміз. Осы жолғы мəлімдемесінде Мемлекет басшысы волонтерлерді назардан тыс қалдырмай, атап өтіп, олардың атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдірді. Бұл -біз үшін, волонтер жастар үшін үлкен құрмет. Төтенше жағдай кезіне қарамастан, волонтерлер жасап жатқан əрекеттердің бекер еместігінің айқын дәлелі. Жыл басынан бері Жеті жалпы ұлттық жобалар аясында Т.Рысқұлов ауданында 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, қазіргі кезде бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды. Тоқталып өтетін болсам:»Саулық» бағытында медицина қызметкерлерінің қатысуымен 120-ға жуық аудан тұрғындарының қан қысымы өлшеніп, денсаулығы бойынша арнайы кеңестер берілді; «Таза əлем» бағытында ерікті жастармен бірге жалғызілікті қарттардың үй шаруасына көмек көрсетілді; «Қамқор» бағытында аудан бойынша жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себептері үлестіріліп, киім-кешекпен қамтылуда. Ауданда осы бағытта «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і мен «Жан жылуы» қайырымдылық қоры қолдауымен «Мейірім» əлеуметтік дүкені ашылып, жұмыс жасауда. Бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар аз емес, əлі де жалғасын табуда. Бəрі өткінші, бұл кезең де бітеді. Əр нəрсенің байыбына барып, ақылға салып, өзін — өзі ұстай білу-сабырлықтың белгісі. Қандай жағдай болмасын, шыдамдылық танытайық. «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа», -деп, дана халқым бекер айтпаған. Себебі сабырлық адамды жамандықтан сақтап, жақсылыққа бастайтын қасиет, адами кемелдіктің белгісі. Сол себепті сабырмен серік болып, аталар өсиетіне лайықты азамат ретінде өзімізді көрсетейік!
Сақтық шараларына мəн беріп, сабырлық танытайық достар!
«NurOtan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «JasOtan» жастар қанатының басшысы Ә.Мырқасымов.