Талас ауданының әкімі Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

0 11

Құрметті сардарлар мен сарбаздар! Ардақты ардагерлер мен
құқық қорғау органдарының қызметкерлері!

Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 28
жыл толып отыр. Қазақстан Қарулы Күштері — ел қауіпсіздігін сақтайтын,
түрлі қауіп — қатерлерге тегеурінді төтеп беретін және техникалық құралдар мен қару жарақтың заманауи түрлерімен жабдықталған қуатты құрылым. Әскери қызметкерлер еліміздің қорғаныс қызметін нығайтып, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілігін қорғауға лайықты үлестерін қосуда.

Тәуелсіздіктің тірегі — мемлекеттің әскері. Отансүйгіш азамат қана ержүрек сарбаз бола алады. Бүгінде қазақ әскері барлық қазақстандықтар үшін асқақ абырой мен даңқтың символына
айналды.

Қазіргі таңда Қазақстан Қарулы
Күштері құрамында таластық сарбаздар да қызмет етіп, өз борыштарын атқаруда. Әрбір арлы азамат үшін туған Отанын қорғаудан құнды ешнәрсе жоқ.

Баршаңызға мықты денсаулық, бейбіт күндер тілейміз! Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қуаты нығайып, даңқы арта берсін!

Құрметпен аудан әкімі, Бақыт ҚАЗАНБАСОВ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.