Тұрар Рысқұлов ауданына кеше жұмыс сапарымен барған Бердібек Сапарбаев Батыс Қытай-Батыс Европа автодәлізінің Көгершін ауылына кіретін көпір жанында орналасқан тосқауыл бекетіндегі блок-пост қызметкерлермен кездесті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Осында аудан әкімі Ербоолат Садырқұлов коронавирус індетінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды қысқаша баяндады. Індеттің алдын алуда карантиндік режимнің спқталуын қамтамасыз ету бойынша медицина және полиция қызметкерлерінің жұмысы туралы осы сала басшылары атқарылған жұмыстарын баяндады.
Аймақта жағдай тұрақты,барлық карантиндік шараларға көңіл бөлінген.Науқас тіркелмеген.Барлық жерде қауіпсіздік шараларын сақтау қағидалары барынша күшейтілген. Облыстық жедел штаб тапсырмалары мен барлық талаптар орындалуда.Бұл бағытта ауданда құрылған жедел штаб жүйелі жұмыс жүргізуде.Штаб мүшелері төтенше жағдай жарияланғалы 12 отырыс өткізіп,тиісті хаттамалық тапсырмалар орындалуда.
Аудандағы атқарылған жұмыстар түгел айтылып,жоспарлар мен міндеттер айқындалды.
Өз кезегінде аймақ басшысы Б.Сапарбаев та қауіпсіздік шараларын күшейту туралы тапсырмалар жүктеді.