Жамбыл облысында 10 мыңға жуық масканы тегін тіккен қыз-келіншектер марапатталды

0 0

Жамбыл облысында 10 мыңға жуық масканы тегін тіккен қыз-келіншектер марапатталды.  Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев  төтенше жағдай кезінде тегін медициналық маска тігуге атсалысқан қыз-келіншектерге алғыс білдірді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Аймақ басшысының Алғыс хатын қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова әрбір қыз-келіншектің үйіне барып, табыстады. Ал, тараздық нәзікжандылар қала әкіміне ризашылығын білдіре келіп, осындай қиын кезеңде көпшілікке қолдан келген көмегін беру әрбір азаматтың борышы екенін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.