Мойынқұм ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында А.Назарбеков ауылына су жеткізу үшін Байбарақ каналын қайырдан тазалау және қазу жұмыстары жүргізілуде, -деп хабарлайды «Zhambylnews» АА.
Қызылтал ауылдық округінде 1340 адам тұрады. Тұрғындардың табыс көзі егін және мал шаруашылығы. Негізінен ауыл егін, мал шаруашылығын қолға алған. Суармалы жер көлемі 1190 гектар.
— Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының қолдауымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Байбарақ каналының қайырдан тазалау үшін 8 млн. қаражат бөлініп отыр. Бұл жұмыстарды мердігер «КазНационал Корпарейшн» ұтып алып, қазіргі таңда жұмыстарды бастап кетті. Бұл канал бізге үлкен мәселе туғызған еді, себебі көктем кезінде алдын қайыр басып, тұрғындарға ағын су жеткізу қиындайтын. Енді бұл канал 1 ай мерзімде аяқталады. Жалпы ұзындығы 8 км жер қызылып, екі жерден қашыртқы қойылмақ. Бұл жұмыстарды уақытында аяқталады — деді округ әкімі Мұхит Тілеужанов.