Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 39 мектепте 14550 оқушы білім алуда

0 14

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты 39 мектепте 14550 оқушы білім алуда. ​Биыл мектепті  610 түлек бітірсе,  40 оқушы  «Алтын белгі» төсбелгісіне, 24 оқушы орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер  түлектер,-деп жазады «Zhambylnews» АА.

Жалпы 9 сыныпты аяқтап отырған оқушы саны-1238, оның негізгі орта білім туралы үздік куәлікке үміткер оқушылар саны -131. Министрлік бекіткен талапқа сай 3-4 маусым күндері мектеп ауласында мектеп түлектеріне аттестат пен куәлік тапсыру іс-шарасын ұйымдастырып, өткізу жоспарланып отыр.

Аудандағы 39 мектептегі жалпы 14550 оқушының 13 мектепте — 8714 оқушысы қашықтықтан оқуда, ал 26 мектепте 5836 оқушы сабақтарды «Балапан» және «Еларна» телеарналары арқылы қашықтықтан оқиды.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі тарапынан балалардың қашықтықтан білім алуына жағдай жасау мақсатында аудандағы компьютерге қажеттілігі бар аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасы балаларына мектептер балансындағы 1128 компьютерлік техникалар уақытша пайдалануға таратылды.

Сонымен қатар мектеп мұғалімдері мен сынып жетекшісінің электрондық пошта, ватсап мессенджері арқылы кері байланыс орнату жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру барысында мектеп мұғалімдеріне интернет желісінің әртүрлілігін ескере отырып, әр оқушымен жұмысты тиімді жүргізу барысын түсінуі керектігі ескертілген.

Ол үшін ZOOM, Whatsapp, Skype, Электронды почта, Telegram чат т.б. тіркелу жолдары ұғындырылды.

Сонымен қатар 2020 жылдың 1 сәуірі күні Мектепалды даярлық сыныптарына, 1-11 сыныптарға сынама сабақтар өтті. Аталған сынама сабақты әрбір білім беру мекемесі өздері сабақ кестесін жасап, соған сәйкес өткізді.

2020 жылдың 2 сәуірі күні Қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша білім алушылар, ата-аналар, жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында мектепалды даярлық сыныптары мен 1-11 сыныптардың ата-аналары үшін «Біздің мектепте қашықтықтан оқыту қалай жүргізіледі?» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2020 жылдың 3 сәуірі күні Мектепалды даярлық сыныптары мен 1-11 сыныптар үшін «Мен қашықтықтан қалай оқимын?», «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» тақырыптарында сынып жиналыстары өткізілді.

​IV тоқсанда өткізілетін жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 125 бұйрығының 17- тармағына сәйкес БЖБ, ТЖБ материалдарын мұғалім өзі әзірлейді.

Оқу-тәрбие жұмыстары толық қашықтықтан жүргізіле береді.
Қашықтықтан оқыту бойынша Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінде «Call орталығы» жұмыс жасап,барлық ақпараттармен күнделікті кері байланыс жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.