Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында 42 елді мекеннің 24 елді мекені газбен толық қамтылған. Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Ауданда газдандыру жұмыстары 2019 жылы аудан әкімдігінің жүйелі жұмысының нәтижесінде Шолаққайыңды, Шөңгер, Бәйтелі, Қорағаты, Д.Қонаев, Әбілхайыр ауылдарын газдандыруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстары жүргізілуде.