Жамбыл облысында мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі 3-4 маусымда өтеді

0 14
Биыл мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі 3-4 маусымда өтеді. Мерекелік шарада аттестат беріледі және соңғы қоңырау соғылады , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Шара міндетті түрде мектеп қабырғасында, таза ауада, тек 11 сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен және барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.
Сондай-ақ, мектеп бітіру кештерін мейрамханалар мен көңіл көтеру орындарында тойлауға тиым салынады. Бұдан бөлек, салтанатты жиынға ивент-агенттіктерді, аниматорларды шақыруға, автокөліктерді жалға алып, қала ішінде экскурсия жасауға рұқсат етілмейді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.