Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 11 жағдайы тіркелді

0 6
Ағымдағы жылдың 8 маусымында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 11 жағдайы тіркелді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Нақтырақ айтсақ, Тараз қаласының 1966, 1982, 1974, 1982, 1937, 1970, 1972, 1982 жылы туған сегіз тұрғынынан инфекция табылды.
Барлық жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды. Бір жағдай бұған дейін ауырған науқаспен байланыста болған 1982 жылы туған тараздықтан, тағы бірі Атырау облысынан келген 1974 жылы туған тұрғыннан тіркелді.
Сондай-ақ, Байзақ ауданының 1981 жылы туған тұрғыны да дертке шалдықты.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге алынды. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық өндеу шаралары жүргізілді.
Жалпы, ағымдағы жылдың 8 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус жұқпасының 441 жағдайы тіркелді.

Барлық індет жұқтырған адамдардың 234-і сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.