Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 16 жағдайы тіркелді

0 34
Ағымдағы жылдың 9 маусымында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 16 жағдайы тіркелді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
⠀
Тараз қаласының 5-74 жас аралығындағы тұрғындар арасында 10 жаңа жағдай расталды. Барлық жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған. Сондай-ақ, облыс орталығының 1962, 1992, 1927 және 1965 жылы туған төрт тұрғынынан да коронавирус инфекциясы табылды. Олар бұған дейін ауырғандармен байланыста болғандар.
⠀
Бұдан бөлек, Жамбыл ауданының 1990, 1968 жылдары туған екі тұрғыны да дертке шалдыққаны белгілі болды.
⠀
Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланыста болған тұлғалар анықталып, карантинге оқшауланды. Ошақтарда қорытынды дезинфекциялық өңдеу шаралары жүргізілді.
⠀

Жалпы, ағымдағы жылдың 9 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирус инфекцияның 457 жағдайы тіркелген. Барлық ауырғандардың 271-і емделіп, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.
⠀
Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.