Сотталғандар дін мамандарымен онлайн кездесті

0 2

Жамбыл облысында сотталғандар дін мамандарымен онлайн кездесті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі.Түзеу орындарында да діни ахуалдың тұрақтылығы маңызды.
Осыған орай ЖД-158/7 мекемесінде арнайы білімді мамандар жүйелі жұмыстар атқарып, жат ағымдардың алдын алу мақсатында бағыт-бағдар береді. Кітапхана қорындағы түрлі әдебиеттер сараланып, кереғар дүниелермен күресуге көп күш жұмсалуда.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы Дін істері жөніндегі басқармасы «Кеңес беру және оңалту» орталығының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады. Бұрын соңды аптасына екі рет жергілікті мешіп имамдары мен провославты шіркеудің дінбасылары келіп сотталғандармен тікелей бетпе-бет жүздесетін. Карантин кезінде атаулы іс-шараның барлығы да онлайн жүйеге көшірілді. Жоспарға сәйкес кезекті рет Жамбыл облысы Дін істері басқармасының теологы Алмас Құлымбетов пен ҚМДБ имамы, репсубликалық ақпараттық насихаттау тобының мүшесі Нұралы Бақытұлы ЖД-158/7 мекемесіндегі сотталғандармен «Skype» арқылы байланысқа шықты.

Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ара-жігін ажыратып берді. Өз кезегінде уахабия ағымының шығу тарихы, оның зияны мен зардаптары жайында және одан құтылудың жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

Жазасын өтеушілер өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптарын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.