Ағымдағы жылдың 10 маусым күні Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 5 жаңа жағдайы тіркелді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Атап айтар болсақ, Сарысу ауданында коронавирус ауруының алғашқы жағдайы 1985 жылы туған тұрғынынан анықталды. Сондай-ақ, Қордай ауданының 1971 жылы туған тұрғыны да дертке шалдықты.
⠀
Сонымен қатар, 1966, 1980 жылы туған тараздықтардан да КВИ расталды. Барлық жағдайлар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды.
⠀
Бұдан бөлек облыс орталығының тағы бір 1997 жылы туған тұрғынынан бір оқиға анықталды.
Барлық науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді, ал олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.