Жуалылық ақын Ілияс Ахметовтің алғашқы кітабы жарық көрді

0 3

Жуалылық ақын Ілияс Ахметовтің «Жанарымдағы жаз» атты жыр-жинағы жарық көрді , —  деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

«Жанарымдағы жаз» — автордың алғашқы жыр жинағы. Бүгінде жасы жетпісті алқымдаған ақынның бұған дейін бірде-бір кітабы басылып шықпаған. Алматыдағы «Нұрлы Әлем» баспасынан басылып шыққан жинаққа қаламгердің ертеректе және кейінірек жазылған туындылары топтастырылып отыр.

Автордың көңіл-күй, табиғат лирикалары,  сондай-ақ қоғам тамырын тап басқан өзекті тақырыптардағы жырлары кітап мазмұнын байыта түскен. Кітаптың алғы сөзінде ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Күләш Ахметова Ілиястың шығармашылық әлеуетін жоғары бағалап, «қуатты да, шуақты жырлар» деп ізгі лебізін білдірген. Ал, жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Көсемәлі Сәттібаев «Жұмекендердің жұрнағы» деген теңеумен автордың ерекше болмысын, қара өлеңге деген ақ-адалдығын айрықша атап өткен.

Ендеше,  ақынның қалың көпшілікке арналған алғашқы жинағы оқырмандарына әдемі әсер, ерекше тынығу сыйлайды деп сенеміз. Авторға шығармашылық табыстар тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.