Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 9 жағдайы тіркелді

0 32
Ағымдағы жылдың 15 маусымында Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 9 жағдайы тіркелді,  — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
⠀
Атап айтсақ, Тараз қаласында 1968, 1946 жылы туған тұрғындарынан эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша екі жағдай анықталды. Сондай-ақ, бұған дейін ауырғандармен байланыста болған облыс орталығының 1989, 1967, 1978 жылы туған тұрғындары да дертке шалдыққан. Т. Рысқұлов ауданының 1962 жылы туған тұрғынан да инфекция табылған.
⠀
Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан келген 1982, 1964 жылы туған тұрғындарынан ауру расталған.
⠀

Сондай-ақ, Байзақ ауданында 1991 жылы туған жүкті әйел стационарға жатқызылды.
⠀

Басқа да науқастар жұқпалы аурулар стационарына жеткізілді.Олармен байланыста болған тұлғалар карантинге оқшауланған. Ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді.
⠀
Ағымдағы жылдың 15 маусымындағы жағдай бойынша Жамбыл облысы аумағында коронавирусты инфекцияның 500 жағдайы тіркелген.
Барлық ауырған адамдардың 317-сі сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылды.
Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.