Тараз қаласында 11 арнайы пункті ашылды

0 8
Тараз қаласында балалар мен әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғайтын 11 арнайы пункті ашылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
«Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес іске асыратын «Бақытты отбасы» партиялық жобасының «Жол картасы» аясында әрбір өңірде арнайы топтар жасақталып, орталықтандырылған негізде жұмыс бастады. Бұл топтар отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты жедел анықтап, алдын алуға қатысты шараларды жүзеге асырады. Әсіресе әйелдер мен балалар құқығының қорғалуына көмек көрсетіледі.
Шара барысында «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанәділ Ағабекұлы Оспанов Тараз қаласындағы «Астана» шағын ауданындағы тірек пунктінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жедел топтардың құрамында партия, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және ювеналдық полиция, ҮЕҰ өкілдері және белсенді азаматтар бар. Енді бұл мамандар құқықтық қорғауға мұқтаж жандарды тауып көмек көрсете бастайды. Сондай-ақ арыз-шағым айтып келген тұрғындарды кез-келген уақытта қабылдап, көмектесуге дайын.
Leave A Reply

Your email address will not be published.