Талас ауданындағы 14 елді мекенге газ құбыры тартылған

0 10

Талас ауданындағы 24 елді мекеннің 14-не, сонымен қатар Қаратау қаласына газ құбыры тартылған. Бұл жалпы елді мекен санының 62,5% құрайды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Орталықтандырылған газбен қамтамасыз ету үлесі 2020 жылға 65,2 % құрауы керек.

Осыған орай, Талас ауданының Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Қайыр, Арал елді мекендерінде орамішілік газ тарату желісін салу үшін облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлінді. Мердігер ретінде «Болат и Д» ЖШС-і белгіленіп, бүгінде қрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны 513 млн. теңгені құрап отыр.

Ауданданға қарасты 9 ауылдағы 1563 үйдің 1554 -сі көгілдір отынға қосылған.

Сонымен қатар, Ақкөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елді мекеніне газ құбырын жеткізу үшін ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жобаның құны 3 млрд. 221 млн. 700 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда облыстық энергетика баскармасы арқылы мердігер анықталуда.

Сондай — ақ  аудандағы 15 елді мекенге ауыз су тартылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.