Талас ауданына қарасты Көктал ауылында әлі күнге дейін мәдениет үйі жоқ. Бұл тұрғындар тарапынан да бірнеше рет көтерілген болатын. Аталған мәселе билік тарапынан назарға алынып, өз шешімін табатын болады. Қазір нысанның құжаттарын әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Көктал ауылында 1000-ға жуық тұрғын бар. Бірақ әлі күнге дейін мәдениет ошағы жоқ. Ауылдық кітапхананыңда ғимараты ескірген, сапасы сын көтермейді. Тұрғындардың мәдениет саласын дамыту мен қолдауға деген талап-тілектерінің арқасында елді-мекенде жаңа нысанның құрылысы басталмақ. Қазір жаңа нысанның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін 6,0 млн теңге аудандық бюджеттен қаражат бөлінген. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп, жатыр. Жеңімпазы маусым айының аяғына таман белгілі болады.