Талас ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1260 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда

0 3

Талас ауданы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында барлығы 126 нысанға ағымдағы,күрделі, рташа жөндеу жұмыстары жүргізліп, 1 жаңа нысанның құрылысы басталады, — деп жазады  «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бағдарламаға енген жобалардың жалпы құны 3 млрд. 678 млн. теңгені құрайды. Оның ішінде 721 млн. теңге жаңа нысанның құрылысына бөлінсе, 3 нысан қайта жаңғыртылады. Қалған нысандарға ағымдағы, орташа, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған барлығы 1 260 адам тартылады. Оның ішінде жұмыспен қамту орталығы тарапынан 640 тұрғынға жолдама беріледі.

Бүгінгі таңда 67 жобаның мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, 67 нысанда құрылыс жұмыстары басталды. Үнемделген қаражат 73 млн. 829 мың теңгені құрады. Жұмыспен қамту орталығы тарапынан 332 адам еңбекке тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.