Бүгін басқарма басшысы Серікбол Берікқожаның қатысуымен Мойынқұм ауданында жастар ісі жөнінде Кеңес отырысы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Отырыста жастарды жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар туралы және мемлекеттік жастар саясатының ауданда орындалуы жайында баяндалды.
⠀
Облыстық жастар орталығының директоры А. Таутен @aibek_tauten облыста жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысын баяндап, аудандық жастар ресуртық орталығына @moiynkum_zhastar қажетті жағдай жасау мақсатында аудан әкіміне ұсыныстар жасады.
⠀
Жамбыл облысында мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 21-25 жылдарға арналған “Әулиеата жастары” бағдарламасын басқарма басшысы С. Берікқожа @serikbol_berikkozha кеңес мүшелеріне таныстырып, талқыланды.
⠀
Сонымен қатар, ТЖ кезінде белсенді қызмет атқарған волонтерлар алғыс хатпен марапатталды.