Қордайда медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

0 0

Қордайда медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Маусым айының үшінші жексенбісі — Медицина қызметкерлерінің күні. Ақ халатты жандарды кәсіби мерекемен құттықтау Қордай ауданында жалғасуда. Бүгін аудан әкімі Р.Дәулет Сортөбе ауылдық емханасының бас дәрігері Т.Апаева мен Кенен ауылдық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Т.Тойшыбекова арнайы қабылдап, мерекемен құттықтады.

Коронавирус инфекциясының алдын алу, аймақта таралуын болдырмау мақсатында ауданда қойылған блок-бекеттерде күндіз-түні қызмет етіп, індетпен күрескен дәрігерлердің еңбегі қандай құрметке болсада лайықты. Осындай ел басына күн туған сәтте халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек еткен дәрігерлерге аудан әкімі Жамбыл облысы әкімінің және аудан әкімінің Құрмет грамотасын беріп, сый-құрмет көрсетті.

Кездесу барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Нұрсипатов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы М.Ережепов ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Айта кетейік, адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.