Жамбыл облысындағы құрама жем зауыты іске қосылады 

0 0

Жамбыл облысының шаруалары болашақта  сапалы мал азығын қолданатын болады.  Таразбен іргелес Жамбыл ауданында іске қосылатын кәсіпорын тауық жемінен бастап жылқының азығына дейін өндірмек, — деп хабарлайды  «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Аграрлы аймақ саналатын Жамбыл облысында ауыл және мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ағымдағы жылдың V айында  51 068,0 млн. теңгенің  өнімі өндірілген. Оның ішінде егін шаруашылығында — 844,7 млн. , мал шаруашылығында — 50 199,5 млн. теңге тиесілі.

Салаға тартылған қаржы да қомақты.  Негізгі капиталға 4,5 млрд. теңге тартылса, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына 314,7 млн. теңге инвестиция салынды. Нәтижесінде күн санап төрт-түлік саны арта бастады. Сәйкесінше мал азығын дайындайтын кәсіпорындардың қатарыда өсуде. Сапалы мал азығын дайындау қажырлы еңбек пен терең ізденісті талап етеді. Соңғы жылдары облыстағы асылтұқымды мал өсіретін шаруашылықтар жем-шөп дайындаудың тың әдісіне көше бастады. Соның бірі Жамбыл ауданында орналасқан.

Болашақта мекеменің өнімдеріне деген сұраныстың  жоғары болатынынына сенімдіміз.. Өйткені аймақта мал басы көбейген. Әсіресе асыл тұқымды шаруашылықтар  құрама жемді сатып алуға әзір. Дәрумендерге бай, барлық талапқа сай жем-шөп жеген төрт-түліктен сапалы өнім алынады. Биыл кәсіпорынның құрылысын аяқтап, жемнің бірнеше түрін шығармақпыз,-дейді кәсіпкер Жандос  Құрманбеков 

Құны 70 млн теңгеден асатын зауытқа заманауи қондырғыларды Ресей елінен әкеліп қойған. Өндіріс орнының қосымша бөлігі алдағы уақытта пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Тауықтың жемінен бастап жылқының азығына дейін шығаратын болады. Тәулігіне 40 тонна жем шығаруға мүмкіндігі бар.

 Зауыт іске қосылғанда мал азығының ондаған түрі шығарылады. Арпа, бидай, сұлы, жарма-барлығы терең өңдеуден өткізіледі. Арнайы дәрумендермен байытылады. Ол төрт –түліктің денсаулығының жақсы болуына ғана ықпал етпейді, бойының өсуіне, ауа райына төзімділікке, иммундық жүйесінің қалыптасуына да ықпал етеді. Кәсіпорында арнайы сараптама орталығы бар. Барлық өнім қатаң бақылаудан, зерттеуден өткізіледі,-дейді зертханашы Шерхан Манашбай.

Зауыт толықтай автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейтіндіктен алдағы уақытта 20-дан астам адам еңбек етпек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.