Сарысу ауданында 40 адам ем қабылдайтын қосымша стационар ашылады

0 3
Сарысу ауданында 40 адам ем қабылдайтын қосымша стационар ашылады. Бұл өз кезегінде ауруханалардағы төсек санының көбеюі мен науқастардың уақытында ем алуына ықпал етеді. Аталған мәселе аудан әкімі  Бақытжан Жақсылықовтың  аудандық орталық ауруханадағы кездесуінде мәлім болд , – деп жазады   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Жаңадан қызметке кіріскен аудан әкімі Бақытжан Жақсылықов жұмыс барысында алдымен орталық аурухананың жай-күйімен танысып, ем алушы науқастармен жүздесті. Ақ халатты абзал жандардың өз өмірлерін ойламай, ем-доммен айналысып жатқандарын көріп, сақтық шараларын ұстап, жұмыстарының сәтті болуына тілектестік білдірді.
-«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қатерлі аурудың алдын алып, оның кең етек алып кетуіне жол бермеу үшін бəріміз жұмыла күрескеніміз жөн. Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді. Президент айтқан барлық іс-шараларды орнымен жүзеге асыра білсек, барлығымыз тəртіпке бағынып, осы іске атсалыссақ, қауіпті індеттің таралуына жол бермейміз. Ал,елімізде жасалып жатқан жұмыстар, қауіпсіздік шаралары өз нəтижесін береді деген ойдамын, — деп Ол.
Қазіргі таңда аудан бойынша 47 адам провизорлық төсекте, ем қабылдауда. Қосымша 40 адамдық станционарлық ем қабылдау үшін ашылу жоспарлануда.
Өз кезегінде індетпен күресіп жатқандар емделіп жатқандықтарын, бүгіннің өзінде 7 бірдей науқастың жазылып шыққанын көріп, көңілдеріне демеу болғандықтарын айтып жатты.
Дәрі-дәрмектің жеткілікті түрде екендігін, дәрігерлердің жақсы қарап жатқандықтарын жеткізді.
Бір аңғарғанымыз мұнда жатқандардың көбі дерлік 50 жастан асқан жандар екен.
Дәрігерлер науқастардың өмірі үшін күн-түн демей аянбай күресуде. Алайда, науқастардың көбейуіне байланысты өңірде медицина мамандарының жетіспеушілігі де байқалады.
Бұл туралы аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бағила Әбілекқызы аудан басшысына айтты. Сарысу ауданында «COVID-19» коронавирусіндеті 07 маусымнан бастап тіркелді. Бүгінгі таңда ауырғандардың 23-і жазылып, бақылаудан алынды.
Аудандық санитариялық дәрігердің қаулылары шығарылды, науқастар оқшауланып, тиісті емдерін алуда. Дәрігерлердің жетіспеуі 11 пайыз (штат- 116, бос орын 12).
Олар реаниматолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, психиатор, акушер гинеколог, хирург, окулист мамандары керектігі кеңінен айтылды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.