Жамбыл ауданындағы кооператив шаруашылықты әртараптандыруды қолға алды

0 10

Жамбыл ауданындағы «Іске сәт» кооперативі шаруашылықты әртараптандыруды қолға алды. Қазір ұйым жетекшісі егін шаруашылығымен қоса көшет егумен айналысуда, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылындағы «Іске сәт» кооперативінің жалпы жер көлемі 7477 гектарды құрайды. Оның ішінде ағымдағы жылы жүз гектардан астам алқапқа бидай, 313 гектарға арпа, 200 гектарға жүгері, ал қалған аумаққа әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген.

Кооперативтің құрамында ауылшаруашылық паркі бар. Онда техниканың 21 түрі, оның ішінде трактор, комбайн, жүк машиналары мен басқа да қондырғылар бар.
Ұжымның директоры Қадыржан Дөненбаев ауылшаруашылық құрылымының 110 мүшесі екенін айтты. Кооператив шаруаларға егін өсіруде және көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау кезінде техникамен, тұқымдармен және тыңайтқыштармен қамтамасыз етуге көмектеседі. Өсірілген өнімдер «Тараз» ӘКК арқылы коммуналдық базарларда және әлеуметтік дүкендерде сатылады.

-Бүгінгі таңда өңір басшысы аймақты азық-түлекпен қамтамассыз ету мәселесіне баса көңіл бөлуде. Біз осы бағытта жұмыстарымызды жандандырып жатырмыз. Астық жем-шөп өндіріп осындағы тұрғындарға төмен бағамен ұсынамыз.Одан басқа тыңайтқыштар жеткізуге көмектесеміз. Сапалы тұқымдарды өзіміз сұрыптамыз. Олар өздерінің өндірген еті мен сүтін қала тұрғындарына ұсынуда. Осылай бірлесе жұмыс істеп жатырмыз,-дейді Қадыржан Дөненбаев.

Ұжымның көмегін көріп отырғандардың бірі –Олжас Әбенов. Таңқурай өсіруді кәсіпке айналдырған ауыл тұрғынын көшетпен «Іске сәт» қамтамасыз еткен. Қазір фермер жидек бизнесін дамытып, алқапты арттыруды қолға алмақ.

-Әзірге шаруалар бұл жидектің пайдасына айтарлықтай ден қоймауда. Алайда, бүгінгі таңқурайдың бір келісінің бағасы 700 теңгеге жуық. Таңқурай бағасы әдеттегідей жоғары, бірақ ол бірден базар сөрелерінен сұрыпталады. Бұл табысты сала, — дейді Ол.
Айта кетейік, аудандағы Бесағаш ауылдық округі «Тұрғындардың тұрмыстық сапасын арттыру» жобасына енген. Аталған пилоттық жоба аясында жергілікті тұрғындар 4767 бас ірі қара мен ұсақ мал сатып алған. Алдағы уақытта өз нәтижесін береді деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.