Жамбыл облысында Қазақстанның Еңбек Ері облыстық инфекциялық ауруханаға 10 аппарат тарту етті

0 16

«Казфосфат» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері М.Ескендіров 38 млн теңгеге облыстық инфекциялық ауруханаға 10 аппарат сатып алып берді. Өкпені жасанды желдету аппаратының бір данасы 580 мың, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бүгінде құрылғылардың 6-уы «Казфосфат» ЖШС филиалдарына қойылды. 1 аппаратпен 2 адамды емдеуге болады.

-Зауыттарымызда медициналық орталықтарымыз бар. Ол жерде жұмысшыларымыз амбулаториялық тексеруден өткізіледі. Науқастанып қалған жандарға кішкене де болса көмек көрсетіп, олардың тез сауығып кетуіне үлес қосу үшін жасалып жатқан тірлік. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жұмылып жұмыс істесек бұл дер те артта қалады»-деді Мұқаш Зұлқарнайұлы.

Бүгінде өңірдегі облыстық аурухана 1 шілдеден бастап инфекциялық стационар ретінде жұмыс істеуде. Онд 300 адамға орын дайындалған. Қазір 260 науқас ем алуда. Аймақтың бас дәрігерінің айтуынша бір күнде мұнда 150 баллон оттегі қолданылады. Бұл аппараттардың мүмкіншілігі өте зор дейді дәрігерлер:

-Баллондарды барлық палаталарға жеткізу мүмкін емес, ал мынау ауа өткізгіш конденсатор. Бұл құрылғыны әр палатаға немесе науқастанып жатқан адамның жанына апарып қоюға болады. Оған ешқандай дайындықтың, болмаса орнату жүйесін пайдаланудың қажеті жоқ,-дейді Абай Нұржанов.

Айта кету керек, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жамбылдық кәсіпкерлер, облыстық мәслихат депутаттары коронавирус инфекциясына шалдығып, ауырған адамдарды емдеуге барынша көмек көрсетуде. Кәсіпкерлер тарапынан 338 млн теңге қаржы жиналып, арнайы өкпеге ауа беру, концентратор аппараттарын, қажетті дәрі-дәрмектер сатып алып, облыстың ауруханаларына таратуда.
Бүгінде , «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Көкжиек-2030» , «Суперфарм» , «Жамбылская цементная производственная компания» ЖШС, облыстық кәсіпкерлер палатасы, т.б. кәсіпорындар мен кәсіпкерлер (барлығы 38 адам) ауруханалар мен әлеуметтік осал топтарға қолұшын созып, қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сатып әперді.

Науқастарға қамқорлық көрсетіп жүрген азаматтарға халық алғысын білдіруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.