Кемшіліктер облыс орталығындағы 8 мектепке жүргізілген рейд барысында анықталған. Бұл туралы білім саласындағы өзекті мәселелер мен пандемияның екінші толқынына дайындық барысы талқыланған кеңес отырысында белгілі болды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
— Мобильді топтардың жұмысы жүйелі түрде жүріп, қорытындысы үнемі облыс басшылығына баяндалып отырады. Қадағалау қай кезде де жалғаса береді. Мәселен, Тараздағы 8 мектепке жасалған рейдте олардың біразында дезинфекциялық туннель жәй тұрғанын анықтады. Кейбір сыныптардың кіреберістерінде дезинфекциялық кілемшелер жоқ, шахмат тәртібімен отырмайтын сыныптар да бар. Осындай олқылықтар дереу түзетілуі керек,-делінген облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевтың инстаграмм парақшасында.