Ел экономикасын еселеудегі бизнестің рөлін ескеріп, «Nur Otan» партиясы кәсіпкерлікті қолдауға айрықша басымдық береді. Партияның Жамбыл облысы бойынша 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасына сай мемлекет тарапынан бизнесті қолдау мен дамытудың тетігін қарастырудағы рөлі артады, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
«Nur Otan» партиясынан Тараз қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Гүлшат Оңланбекқызы «ТаразКожОбувь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде сайлауалды бағдарламаның осынау басымдықтары турасында сөз қозғады.
– «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасында өңірдегі өндіріс көлемін арттыру, өнеркәсіп кешендерін жандандыру, сонымен қатар өнімдерді экспортқа шығарудың оңтайлы тетігін қарастыруға айрықша назар аударады. Бүгінде өздеріңіз еңбек ететін ТаразКожобувь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы тоқырауда жабылып қалып, уақыт өте бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы қайта еңсесін тіктеді. Сіздер бүгінде еліміздегі бірқатар ірі мекемелерінің тапсырысын өтеп жатсыздар. Кәсіпорынның даму жоспарымен таныспыз, ондағы межелерге қол жеткізуде «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға болады. Аталған бағдарлама аясында партияның ықпалымен «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерге 250 жаңа жобасын іске асыру үшінжыл сайынғы қаржылық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы шеңберінде кемінде 20 басым жоба жыл сайын қаржыландырылып, іске асырылады. Екінші деңгейлі банктер арқылы 2,2 мыңнан аса жобаға несие беріледі, – деді кандидат Гүлшат Оңланбекқызы.
«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының бағдарламасымен танысқан кәсіпорын ұжымы онда бизнесті қолдаудан бұрын қарапайым тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жобалардың көптігі көңілдерінен шыққанын айтты. Сондықтан да олар алдағы саяси науқанда бір кісідей «Nur Otan» партиясына дауыс беруге әзір.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.